25- Тариф Конференциясында ТМД-ға қатысушы елдердің теміржол әкімшіліктері 2017 жылдың халықаралық жүк тасымалының тариф саясатын қабылдады

25- Тариф Конференциясында ТМД-ға қатысушы елдердің теміржол әкімшіліктері 2017 жылдың халықаралық жүк тасымалының тариф саясатын қабылдады 30.11.2016

Достастық елдері темір жол әкімшіліктері 2017 фрахтылық жылының халықаралық бағдардағы жүк тасымалы Тариф саясатын қабылдады.

Келесі жылға Цахкадзорде (Армения) «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ- Тариф саясаты басқармасы төрағалығымен өткен 25 Тариф Конференциясында қабылданды.

Армения, Белорусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина, Эстония, Литва темір жол әкімшіліктері халықаралық бағдардағы жүк тасымалдау, өткізу, ақысын төлеу тәртібіне толықтырулар мен түзетулер енгізіп, темір жол әкімшіліктерінің тариф тәртібін белгіледі.

Тариф саясаты ТМД-ға қатысушы елдердің темір жол көлігіндегі келісілген негізгі тариф саясаты Тұжырымдамасына сәйкес жасалды. Тұжырымдаманы 1996 жылы Достастық елдері үкімет басшылары Кеңесі бекіткен болатын.


Біздің серіктестеріміз