«Көлік қызметтері орталығы» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамына кіретін «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ-ның шоғырландырылған компаниясы болып табылады. Қазақстан Республикасының цистерна вагондары паркінің (шамамен 10 000 бірлік) ірі операторы бола тұрып, «Көлік қызметтері орталығы» АҚ Қазақстан аумағы бойынша жүзеге асырылатын теміржол тасымалдауларының жалпы көлемінен жүк тасымалдауларының шамамен 50%-ын қамтамасыз етеді. Компания төмендегідей қызметтерді қамтиды:

  1. Жүк вагондарын мүліктік жалға алуға (жалға беру) ұсыну.
  2. Көліктік экспедиторлық қызметін көрсету.
    • жолдың бар маршруты бойынша тасымалдау құжаттарын ресімдеу;
    • КЗХ аумағы бойынша өткізу төлемдерін ресімдеу және жүзеге асыру (жүгі бар және бос вагондарды тасымалдау үшін), соның ішінде вагондарды жолдың басқа еніне қою алымдары, арбаларды ұсыну, сақтау қызметтері және қосымша алымдар;
    • клиенттерді жүктің орналасуы жайлы хабарландыру;
    • ТМД және Орта Азия аумағы бойынша өткізу төлемдерін жүзеге асыру;
    • жүктерді тасымалдау тарифтерін есептеу және ұсыну;
    • ТМД және алыс шетел кемежайларында жүктерді ауыстырып тиеу және кеме жүктері бойынша қызметтерді ұсыну;
    • инвентарлық парк және жалға алынған вагондарда астық тасымалдауларын ұйымдастыру.
  3. Жүктерді, соның ішінде ашық жылжымалы құрамдағы габаритті емес жүктерді тиеу және бекіту сызбаларын әзірлеу және келістіру.
  4. Жүктердің контрейлерлік әдіс тасымалдауларын жүзеге асыру (контрейлерлік платформалардағы тиелген автомобильдер).
    • тасымалдаулардың жылдамдығы арттыру және жүктерді жеткізудің ең аз мерзімі;
    • тасымалданатын жүктің сақтығы;
    • тасымалдаулардың сенімділігі, жүкті ауыстырып тиеу пункттерінде жоғалту, зақымдалу, ұрлау тәуекелдерін минимумға келтіру;
    • жүктерді жеткізу сапасы;
    • жасалған көліктік сызба.
  5. «ҚТЖ» ҰК» АҚ тораптық станцияларында транзиттік декларацияларды ресімдеу жөніндегі қызметтерді ұсыну
    • Достық станциясында транзиттік декларацияларды ресімдеу;
    • Сарыағаш станциясында транзиттік декларацияларды ресімдеу;

Біздің компаниямыздың қызметі жоғарысапалы қызметтерді ұсынуға бағытталып, нарық жағдайларында тасымалдаулар процессіне клиентті аз қатыстырумен бәсекелес мөлшерлемерін, бағаның азайтылуын және нақты соңғы нәтижеге қол жеткізуді ұсынады.

Бізге жүк тасымалдауларын тапсыра отырып, Сіз ұсынылатын қызметтер сапасы мен міндеттемелерді орындауды басты бағыт ететін жауапты серіктеспен қызметтестік жүргізетін боласыз.


Біздің серіктестеріміз