Ақтөбеліктер елдегі тұрақтылықты қалпына келтіруге атсалысуда

Елімізде болған төтенше жағдайдан соң «Nur Otan» партиясының барлық ресурсы Мемлекет басшысының елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын орындауға жұмылдырылды. Ақтөбе облысында да осындай жұмыстар қолға алынды.

Ақтөбедегі ерікті жастардың және «Jas Otan» ЖҚ бастамасымен волонтерлық штаб құрылды. Олар әйелдер қауымдастығының Жастар қанаты жас кәсіпкерлерімен бірге өңір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылған үш блок бекеттегі 100-ден астам әскерилер мен полиция қызметкерлерін бірнеше күннен бері ыстық тамақпен қамтамасыз етуде. Осы күнге дейін 175 адамға ыстық тамақ таратылды. Бұл жұмыстар19 қаңтарға дейін жалғасады.

Сондай-ақ облысымызда 7 (702) 986 20 85 нөмірі бойынша Call-орталық жұмыс істеп тұр. Байланыс орталығына келіп түскен арыз-шағымдар,  ұсыныстар бойынша бастауыш ұйым басшылары мен фракция депутаттары жұмыстанып, еріктілер де көмек көрсетеді.

Жалпы елдегі жағдай орын алғанда партия активімен және партия жақтастарымен Ақтөбе қаласында тәртіпті сақтау мақсатында полицияға көмек көрсету үшін қоғамдық жасақтар құрылған болатын. «СНПС-«Ақтөбемұнайгаз» АҚ Жаңажол кен орынындағы жұмысшылардың наразылығы мен ереуіліне байланысты партияның Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Т.С.Есенғұлов («СНПС-«Ақтөбемұнайгаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары) түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жұмысшылардың жұмыс тоқтатпауына және қала көшелеріне шығуына жол бермеді. Осындай жұмысты облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі, «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті А.Б. Есенжолов жүргізді. Ол  «Самара-Шымкент» тас жолына шығып, пикет ұйымдастырған Хромтау ауданының кеншілерімен келіссөз жүргізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, темір жол бойында поезд тоқтату мәселелеріне орай облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі «ҚТЖ-Жүк тасымалы»  АҚ «Ақтөбе БП бөлімшесі» филиалының директоры Б.С.Беркімбаев наразылық топтармен кездесулер өткізіп, мәселенің оңынан шешілуіне ықпал етті. Облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі Қ.Ә.Қойлыбаев «АЗМ» АҚ  және басқа да өндірістік мекемелердің ұжымында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арандатушылыққа ермеуге шақырды.

86
Опубликовано: 13.01.2022

Только зарегистрированные пользователи могут оставить комментарии!

Комментариев нет