Дархан Мыңбай журналистерге арнайы әуе билеттерін беруді ұсынды

 

Қымбат билеттер журналистердің қалтасын қағуда.

Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай журналистер үшін әуе және теміржол билеттерін алуға жеңілдік жасалуы қажет, деген пікірін жазды желіде, деп хабарлайды CTU.KZ.

Оның ойынша, оқиға орнына тез арада жете алмауына байланысты журналистер белгілі бір оқиғаларды, кейде төтенше жағдайларды уақтылы хабарлай алмай жүр.

 

– Елімізде әуе және теміржол билеттерінің бағалары жасанды түрде жоғары болып тұрғаны туралы көп айтылды, көп жазылды, халық осы мәселені шешудің батыл бір шараларын күтуде. Бұл әсіресе шұғыл қызметі қоғамға қажет адамдардың қалтасын қағуда. Оқиға орнына тез арада жете алмауына байланысты журналистер белгілі бір оқиғаларды, кейде төтенше жағдайларды уақтылы хабарлай алмай жүр. Олар билетті сапарға шығатын күні шұғыл алуға мәжбүр, өйткені билетті алдын-ала сатып ала алмайды. Үкімет бұл мәселені қарастыру кезінде тікелей функционалдық міндеттерін тез және уақтылы орындауы тиіс БАҚ өкілдеріне қамқорлық жасауы керек сияқты.

 

Осы Жолдауда жүктелген тағы бір маңызды міндетті – мәдениет саласының өкілдеріне әлеуметтік жеңілдіктер ұсынуға септігін тигізеді, – дейді ол.

 

 

855
Опубликовано: 03.09.2019

Только зарегистрированные пользователи могут оставить комментарии!

Комментариев нет

Последние новости