Тұрғылықты жер бойынша емханаға тіркелу

Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны басталып кетті.  Сіз өз емханаңызға тіркеліп үлгердіңіз бе? Үлгермесеңіз, оңай да онлайн жүзеге асыру жолын төменнен көре аласыз: 


1. Egov.kz порталы арқылы:

  • Egov.kz порталына кіріңіз;
  • Іздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» деген қызмет атауын теріңіз;
  • Қызметті онлайн сұратыңыз;
  • Бірінші қадамда сіз кімді тіркейтініңіз (балаңыз/өзіңіз) және тұрғылықты жеріңіз туралы ақпаратты енгізесіз;
  • Медициналық ұйым атауын және дәрігеріңіздің аты-жөнін таңдаңыз;
  • Мекенжайыңыз бен байланыс нөміріңізді  көрсетіңіз;
  • Келесі қадамда енгізген мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп, қызмет мәртебесімен таныс болыңыз;
  • Нәтижені жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз.

2. Телеграм бот арқылы:

  • Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кіріңіз;
  • Теру жолынан көрсетілетін қызметтер тізімін ашыңыз;
  • Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;
  • Медициналық ұйымға месенджер ақылы тіркелу батырмасын басыңыз;
  • Қызметті кімге алатыныңызды көрсетіңіз;
  • Мекенжай мәліметтерін растаңыз;
  • Тұрғылықты өңіріңізді көрсетіңіз;
  • Емхананы таңдаңыз;
  • Тіркелу себебі мен дәрігердің аты-жөнін көрсетіңіз;
  • Бот сіздің өтінішіңіздің нөмірі мен тіркелгендігіңіз туралы ақпаратты бірден көрсетеді.

3. Емхана арқылы:

  • Жеке куәлік және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тіркеу бөліміне көрсетіп, өтініш қалдырыңыз.

Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні
Ескерту, қызметті алмас бұрын тіркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрігердің аты-жөнін алдын ала біліп алған абзал. 

Емханаға тіркелген кезде, бұрыңғы тіркеуден автоматты түрде шығасыз.

Дендеріңіз сау болсын, өзіңізді күтіп, қызметті үйден алыңыз!

94
Опубликовано: 13.10.2020

Только зарегистрированные пользователи могут оставить комментарии!

Комментариев нет