Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақыны алу жолдары

Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленетінін білесіз бе?

Аталған жәрдемақыға өтініш берудің бірнеше жолы бар: 

1. Egov.kz порталы арқылы:

📌Порталға кіріп, іздеу жолында «Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» деген қызмет атауын теріңіз
📌Қызметті онлайн сұратыңыз
📌Портал ең алдымен тұрғылықты ауданыңызды растауды сұрайды
📌Анықтаманы алу арқылы жұмыссыз ретінде тіркелгендігіңізді растаңыз
📌ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз
📌Қызметтің нәтижесін жеке қабинетіңізден біле аласыз.

2. ХҚО арқылы:

📌ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондаңыз
📍ХҚО-ға барған сәтте жеке куәлік, жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз туралы анықтама (жұмыспен қамту орталығынан аласыз) мен жәрдемақы аударылатын банк шоты туралы ақпаратты ұсынасыз 


3. Жұмыспен қамту орталығы арқылы:
Жұмыспен қамту орталығына да жоғарыда аталған құжаттар тізімі тапсырылады. 
☝️Ескерту, жәрдемақыға өтініш беруші жұмыссыз ретінде тіркелген және бұған дейін ресми жұмыс істеген азамат болуы керек.
📍Өтініш 8 жұмыс күні ішінде қаралады
📍Жәрдемақы 1 айдан 6 айға дейін төленуі мүмкін және азамат жұмысқа орналасқан жағдайда тоқтатылады
📍Жәрдемақы мөлшері азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі төлемдер негізінде тағайындалады


Іске сәт, жаныңызға жайлы жұмыс табыңыз!

121
Опубликовано: 13.10.2020

Только зарегистрированные пользователи могут оставить комментарии!

Комментариев нет